432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында карантиндік шектеулер екі аптаға ұзартылды

  • 220
  • UPD: 19:46, 28.09.2020
Атырау облысында карантиндік шектеулер екі аптаға ұзартылды

Атырау облысының аумағында карантиндік шектеу тағы екі аптаға ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің бас санитарлық дәрігерлерінің хабарлауынша, бұл маусымдық аурулардың басталуына байланысты қолға алынып отыр. Бірақ жаңа қаулыда бірқатар өзгеріс те бар. Атап айтқанда, өңірдегі теміржол тасымалы қайта жанданады. Сондай-ақ түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілерге туған-туыстарының келуіне рұқсат. Ал жабық мекемелердегі балалардың ойын алаңдары, бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг, кинотеатрлардың жұмысына әлі де тыйым бар. Тек ашық аспан астындағы кинотеатрлар жұмыс істейді. Облыстағы кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, санитарлық талаптарды орындауы шарт. Сонымен қатар коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Теңіз кенішіндегі сақтық шаралары күшейтілген. 

Гүлназ Ербатырова, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары:

– Теңіз қалашығында келген қызметкерлердің арасында коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында жұмысқа келгенде және жұмыстан кеткенде де үйіне ауру тасымалдамау үшін ПТР арқылы тексеру жұмыстары әлі де жалғастырылуда. Карантин Теңіз қалашығында сақталады.

Хабар 24 телеарнасы