432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысының тұрғыны көлік ұтып алды

  • 467
  • UPD: 11:53, 29.09.2020

Хромтау қаласының тұрғыны сақтандыру полисін сатып алып, көлік ұтып алды.

Су жаңа темір тұлпар Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында иесіне табысталды.

Өмірхан Әуелбеков осыған дейін ұтыс ойындарына сенбеген. Сақтандыру полисін 10 мың теңгеге сатып алып, Freedom Finance компаниясы ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысқанда да сыйлықтан үміттенбепті. Алайда бағы жанып, су жаңа көліктің иесі атанды. Ал ұтыс жайында оған осыған дейін олжалы болған інісі кеңес беріпті.

Өмірхан Әуелбеков, Хромтау қаласының тұрғыны:

– Ойнасақ ойнайық енді. Ол алдында ұтыс ұтып алған екен. Сандар шықты. Екі санды бастым. Екі минуттан соң хабар келді «Сіз машина ұтып алдыңыз» деген. Ұлыма сыйлаймын осы көлікті.

Өмірхан Әуелбеков сияқты өзге көлік иелері де бағын сынай алады. Ол үшін аталған компанияның сайтына кіріп не болмаса арнайы терминалдардан сақтандыру полисін сатып алу керек. Құжатты тіркеу уақыты 5 минуттан аспайды.

Күлайым Мырзатова, Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі:

– «Біз осындай ойын ойнатып жатырмыз» деген жарнама сияқты, бір жағынан. Екінші жағынан, халықтың бізге сенімі артсын деп ұтыс ойындарын ұйымдастырып жатырмыз. Биыл 3 көлік ойнатылды. Былтыр тағы бір көлік ойнатылған. Оны Орал қаласының келіншегі алып кетті.

Жуық арада ұтыс ойынының Алматы қаласындағы тағы бір жеңімпазына су жаңа көліктің кілті табысталады. Жалпы компания 20 темір тұлпар ойнатуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, сақтандыру полисін сатып алғандар теледидар, ноутбук, смартфон сияқты бағалы сыйлықтарға ие болуы мүмкін.   

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев  

Хабар 24 телеарнасы