432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сантьягода шектеу шаралары алына бастады

  • 151
  • UPD: 12:00, 29.09.2020
Сантьягода шектеу шаралары алына бастады

Чили астанасы 7 айға созылған карантиннен кейін қалыпты өмірге қайта орала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар билігі 8 ауданда шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бірақ ел аумағында желтоқсанның 15-іне дейін коменданттық сағат сақталмақ. Чили – Латын Америкасында індеттен ең көп зардап шеккен мемлекеттің бірі. Соңғы 2 айда елде вирустың таралуы бәсеңдеп, дерттен қайтыс болу оқиғалары азайған. Чилиде қазірге дейін 500 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 12 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы