432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада тағы бір Арбат салынады

  • 137
  • UPD: 15:58, 29.09.2020
Елордада тағы бір Арбат салынады

Елордада тағы бір Арбат салынады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Елордада тағы бір Арбат салынады. Жаяу жүргіншілер променады құрылысы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жаңа қоғамдық кеңістік Республика даңғылынан Қ.Қуанышбаев атындағы Қаздрамтеатрға дейін Омаров көшесінің бойында орналасады. Жаяу жүргіншілер променады екі театр арасындағы аумақты байланыстырады.

Республика даңғылы жағындағы фонтанды қайта құру жұмысын жүргіземіз. Ол жылғаға қарай ағады. Ал сол жылға бойына балаларға арналған сумен ойнайтын элементтер орнатамыз.

Бұған қоса Арбат аумағында аспалы әткеншек орнатылады. Балалар үшін жеке спорт және ойын алаңдары, тыныш аумақтар, коворкинг-орталық сынды тегін семинарлар мен тіл сабақтарын өткізуге арналған жеке зоналар жасалады.

Көпір асты кеңістігі аумағында (Сарайшық даңғылы) балаларға арналған экоалаң мен аспалы саябақ жасамақпыз. Бұл идеяны да осы жерде іске асырамыз. Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейін веложол саламыз.

Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі. Себебі кәсіби спорт пен салауатты өмір салтына дейінгі жол аула спорты қоғамдық кеңістіктер мен аулалардан басталады. Олар әр адамға қолжетімді болуы тиіс. Биыл 54 ірі қоғамдық кеңістік пен 150 аула жасап, абаттандырдық. Бұның өзі ғана 300 мыңнан астам адамды қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстарды келесі жылы да жалғастырамыз», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы