429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудный әкімі қызметінен кетті

  • 169
  • UPD: 21:48, 29.09.2020
Рудный әкімі қызметінен кетті

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен кетті. Ақпаратты оның орынбасары растады.

Еске салайық, қыркүйек айының басында  Қостанай облысына қарасты Қашар ауылының бұрынғы әкімі екі жылға бас бостандығынан айырылған еді. Осыдан кейін Рудный қаласы әкімі аппаратының жетекшісі отставкаға кеткен. Айта кетейік, Бақытжан Ғаязов бұл қызметке 2011 жылы тағайындалған. 

Елена Скаредина, Рудный қаласы әкімінің орынбасары:

- Мен әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарымын. Әкімнің отставкасына қол қойылды. Ол құжаттарды тіркеу үшін Қостанайға кетті. Енді ол бізде жұмыс істемейді.

Хабар 24 телеарнасы