428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда «Ел аманаты» сауалнамасының республикалық штабы ашылды

  • 87
  • UPD: 23:32, 29.09.2020
Түркістанда «Ел аманаты» сауалнамасының республикалық штабы ашылды

Халық бюджет қаражатының жұмсалу бағытының үштен бір бөлігін ғана біледі.

Қалғандары көзден таса қалып жатады. Сондықтан қажетсіз шығындарды тоқтату керек. Бұл «Ауыл» ауыл партиясы өкілдерінің пікірі. Осы ретте ауылдықтар ел ішіндегі мәселелерді сауалнама арқылы айқындап, өз бағдарламасына енгізбек. Ол үшін Түркістанда «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының республикалық штабы ашылды. Мұнда қызметкерлер жазбаша және электронды бағытта ең өзекті 14 сұраққа жауап алып, халықтың ұсыныс-пікірін қабылдайды. Бұдан бөлек кез келген адам браузер, мессенджер арқылы сауалнамаға қатысып, өз ұсынысын білдіре алады.  

Асылхан Батыршаев, «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасынның республикалық штабының жетекшісі:

- Елмен қарым-қатынас жасай отырып, ел қандай аманатты біздің «Ауыл» партиясына тапсырады екен деп, соны анықтау үшін жасап отырған шаралар. Бұл республикалық штаб. Барлық облыстармен байланыста болады. Әсіресе интернетсіз шалғай ауылдарды аралаймыз. Әр ауданда біздің қызметкерлер жүреді. Барлық жерден ел аманатын жинаймыз. Сондықтан барша азаматтарды осы сауалнамаға қатыуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы