427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы мектептердің бірінде 170-ке жуық адам эвакуацияланды

  • 128
  • UPD: 21:20, 30.09.2020
Атыраудағы мектептердің бірінде 170-ке жуық адам эвакуацияланды

Атырау қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш қойылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, 124 оқушы мен 40-тан астам қызметкер шұғыл эвакуацияланды. Оқиға бүгін Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінде болған. 24 жастағы психикалық ауытқуы бар ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, мектеп ғимаратына жарылғыш қойылғаны туралы хабарлаған. Бірақ тексеріс кезінде ештеңе табылған жоқ.

Гүлнәр Қожахметова, №20 мектеп-лицейінің директоры:

- Бізде сабақ болып жатқан. Бір кезде дабыл қағып, эвакуация жасалды. Балалардың барлығын сыртқа шығардық. Далада жүргенімізге бір жарым сағаттай болды. Мектеп ғимаратынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір бәрі тынышталды.

Хабар 24 телеарнасы