428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР АШМ: 48 елді мекенде карантин енгізілді

  • 209
ҚР АШМ: 48 елді мекенде карантин енгізілді

Құс тұмауына байланысты қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Яғни зертханалық зерттеулер жағдайдың ушыққанын көрсетсе, ветеринарлық қызмет тиісті шектеу шараларын жүргізеді. Қазірдің өзінде 48 елді мекенге карантин енгізілген. Жүздеген мың үй құсы қырылып қалды. Бірақ соған қарамастан жағдай салыстырмалы түрде тұрақталып келеді дейді мамандар. Мәселен, соңғы тәулікте еліміздің 4 облысында құстардың өлімі тіркелмеген. Басқа өңірлердегі көрсеткіш те біртіндеп төмендеп келеді.

Тұрсын Қабдолданов, ҚР АШМ комитеті төрағасының м.а:

– Соңғы тәулікте Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында құс тұмауынан құстардың қырылу жағдайы тоқтады. Ал СҚО, Павлодар, Қостанай облыстарында да бұл көрсеткіш азайып келеді. 48 елді мекенге карантин енгізіліп, арнайы мамандар жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы