430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық шаруалар күріш алқабының 80% орып болды

  • 484
  • UPD: 02:20, 02.10.2020

Ала жаздай Сырдарияда су болмай, қуаңшылықтан әрең сақтап қалған күрішін сырбойылық диқандар күндіз-түні орып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені күзгі жауынның астында қалса өнімділік азайып кетеді. Карантиннің әсерінен ораққа кештеу кіріскен еңбекшілер үшін қазір әр сағат қымбат.

Қамбар Бекенов, тілші:

– Күзгі жиын-терім жұмыстарына жылдағы кестеден 10 күндей кешеуілдеп кіріскен шаруалар егіс алқабының 80% орып болды. Биыл ауа райы құбылмалы болуынан және су тапшылығы салдарынан күріш кеш пісті. 

Сыр диқандары биыл жалпы 184 мың гектар алқапқа егін екті. Оның жартысына аймақтың басты дақылы – күріш орналастырылды. Уақытпен санаспай, егістік басында жүрген шаруалар 325 мың тоннадай күрішті орып болды. Оның 52 мыңдайы біз тұрған Қармақшы ауданына тиесілі. Ала жаздай атыз жағалап, арық-арнадағы суды кезектесіп пайдаланған диқандардың тәулік бойы қолынан кетпені түспейді. Барлық техника күріштікке салынған.

Қазанның 10-15 не дейін күрішті толық орып, бастыруды жоспарлап отырған шаруалар әр гектардан 60-65 центнер өнім жинаймыз деген үмітте.

Хабар 24 телеарнасы