427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауға қоқиқаздардың алғашқы легі ұшып келді

  • 120
  • UPD: 15:19, 05.10.2020
Ақтауға қоқиқаздардың алғашқы легі ұшып келді

Экзотикалық құстар шаһар маңындағы «Қаракөл» аумағына аялдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, әдетте өңірге қараша айында табан тірейтін қоқиқаздар биыл ерте келіпті. Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. Ақтауда 1-2 апта аялдап, ауа райы суытқан соң Иран, Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістан жаққа ұшып кетеді. Жалпы жыл сайын Ақтауға қызыл түстес, ірі денелі қоқиқаздардың 10 мыңға жуығы аялдап, күш жинайды екен. Ал, оның жүзге жуығы қорықты қыстап шығады. Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы