428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты тежеу индикаторы жақсарды

  • 161
Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты тежеу индикаторы жақсарды

Дүниежүзілік банк жуырда жариялаған жыл сайынғы зерттеуінде осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеу мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі алты көрсеткішке сүйеніп жасалады. Банктің биылғы есебіне сәйкес еліміздің 6 индикатордың бесеуінде көрсеткіштер жақсарғаны анықталған. Атап айтқанда, олар – Үкімет жұмысының тиімділігі, климат сапасы, саяси тұрақтылық, заң үстемдігі және жемқорлықпен күрес. Дүниежүзілік банк әсіресе ел Үкіметінің билік институтын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысын жоғары бағалады.

Жанна Кәрімова, ҚР Президенті жанындағы қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

– Ағымдағы бағалау тек 2019 жылдың мәліметтерін қамтиды. Яғни пандемияға дейінгі мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасына сараптама ұсынады. 2019 жылдың нәтижелері бойынша 6 индикатордың ішінен 5-еуі бойынша көрсеткіш артқанын көріп отырмыз. Елдегі билік институттарының жұмыс сапасы пандемияға дейін артып отырды. Маңызды өсім сыбайлас-жемқорлықты тежеу бойынша байқалады. Соңғы 3 жыл көлемінде оң өзгеріс байқалып келеді. Егер 2019 жылы бұл индикатор 19,7 тең болса, 2018 жылы 36,1, 2013 жылы 43,8 пайыздық ранг деңгейінде болған.

Хабар 24 телеарнасы