428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кешенді жоспар отандық фармацевтика өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді – Алексей Цой

  • 122
  • UPD: 11:00, 07.10.2020
Кешенді жоспар отандық фармацевтика өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді – Алексей Цой

Үкімет отырысында Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың пікірінше, құжат медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін, әсіресе, жаңа дәрілік заттарды шығару, ТЖ және карантин кезеңінде жұмыс істеп тұрған өндірістің қуатын арттыру үшін маңызды.

«Кешенді жоспарда фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың негізгі бағыттары көзделген: фармацевтикалық қызметті, ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер, мемлекеттік қолдау шаралары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, инвестиция тарту, саланы кадрмен қамтамасыз ету, дәрілік заттарды таңбалау, оларды қадағалау және отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің қуатын арттыру», - деді А.Цой.

Кешенді жоспарда белгіленген шаралар отандық дәрілік заттар желісін 297 атауға және медициналық бұйымдар желісін 2348-ге арттыруды көздейді, бұл Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін 2025 жылға қарай ақшалай 17 проценттен 30 процентке дейін, ал заттай 39 проценттен 50 процентке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы нарығында отандық өндірушілердің үлесін 50% жеткізу ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал ДДСҰ әрбір елде отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін кемінде 30 процентке жеткізуді ұсынады», - деді А.Цой.

Хабар 24 телеарнасы