432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында иесіз малға арналған айыппұл тұрақтары жұмыс істейді

  • 148
Ақтөбе облысында иесіз малға арналған айыппұл тұрақтары жұмыс істейді

Онда малдар иелері анықталғанға дейін жергілікті атқарушы органдардың есебінен ұсталатын болады.

8 қазан күні Әйтеке би ауданының Талдысай ауылында қараусыз жайылып жүрген малға арналған айыппұл тұрағына жергілікті тұрғындардың 12 сиыры орналастырылды. Учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мадияр Акентай айтуынша, олардың қасында бақташы болған жоқ. Үш мал иесіне «ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу» бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылды.

«Еркін мал жайылымында қараусыз жүрген малдар қаскүнемдердің пайдасына шешіледі. Қаңғыбас жануарлар автомобиль жүргізушілеріне қауіп төндіреді, олардың еркін жайылымнан өз еркімен кетуі аудандық полиция бөлімшелерінде іздеу үшін үлкен күштерді жұмылдыруға мәжбүр етеді», – деді М.Акентай.

Хабар 24 телеарнасы