428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада базарларға рейд жасалды

  • 143
  • UPD: 20:32, 11.10.2020

Санитарлық сала мамандары, әкімдік пен полиция өкілдері елорда базараларында рейд жүргізді. Жалпы карантин басталғалы қала бойынша заң бұзушылыққа жол бергендерге жалпы құны 133 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Атап өтейік, демалыс күндері жабық базарлардың жұмыс істеуіне шектеу қойылған еді. 

- Крытые рынки продовольственные, непродовольственные екеуі де жұмыс істемеу керек. 

Енді талапқа бағынбай, демалыс күндеріндегі шектеу шаралары кезінде ашықтан-ашық жұмыс істегендерге 600 мың теңгеден 4 жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Оның құны нысанның санатына байланысты белгіленеді.

Айталық, жеке кәсіпкерлік пен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктікке тағайындалатын айыппұл көлемі екі түрлі. Санитайзерлер мен адамның дене қызуын өлшейтін құрылғылардың жоқтығына байланысты мамандар жабық базарлардың әкімшілігіне ескерту жасады.

Хабар 24 телеарнасы