428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тәнін саудалаған қыздар мен олардың жеңгетайлары қомақты айыппұл арқалады

  • 108
  • UPD: 21:27, 13.10.2020

Елордада тәнін саудалаған қыздар мен олардың жеңгетайларына және үй-жайын жалға берген азаматтарға 20 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы жүргізілген рейд барысында заң бұзғандардың бұған дейін де жауапқа тартылғаны анықталды.

Қазір интернетте массаждың түр-түрін ұсынған жарнамадан көз сүрінеді. Келушіге одан бөлек дүние ұсынылмайды. Ал көп жағдайда оның артында тәнін саудалаған қыздардың тұратыны жасырын емес. Рейд барысында бұған тағы бір мәрте көз жеткіздік. Мәселен, мына зәулім үйдің иесі заңға қайшы әрекеттері үшін осыған дейін де жазаланған. Ал бұл жолы қомақты айыппұл арқалады.

Мейірбан Өтепов, Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы:

– Осыған дейін де бұл мекеме иесіне 450-баппен жезөкшелікпен айналысқаны үшін айыппұл салынған еді. Бірақ әлі де жұмысын тоқтатпаған. Қазіргі таңда барлық дәлел бар. Бұл жерге тексеру жұмысын жүргізетін боламыз.

Осындай спа-салонның атын жамылған жалған орталықтар тұтас индустрияға кесірін тигізіп отыр. Яғни дәстүрлі массаж жасаумен айналыстандар өз тұтынушыларымызды жоғалттық деп наразылықтарын білдірді. Біріншіден, олар жарнама жасаудан қалып барады. Себебі емдік массаж іздегендердің көбі интернетте жеңіл жүрісті қыздарға тап болып жатады. Екіншіден, жарнаманың аздығы қалтаның жұқаруына алып келді дейді массаж салонының иесі.

Иван Шестаков, массаж салонының иесі:

– Осындай көлеңкелі бизнес біздің жұмысымызды тұралатты. Жезөкшелердің массаж ғана жасаймыз деп бүркенуі бизнесімізге зиян тигізіп отыр. Ө жұмысымызды жарнамалай алмаймыз. Себебі сапалы, емдік массаж жасатқысы келген адамдар көп жағдайда бодимассаждың жарнамасына тап болады. Ал мұның артында жезөкшелік тұрғаны аян. 

Жыл басынан бері полиция өкілдері жеңіл жүрісті қыздарды ұсынған 50-ден астам орталықты әшкерелеген. Ескеретін жайт, айыппұл көбіне ғимаратты жалға берушіге ғана салынады. Бұдан бөлек, елімізде боди массаж аталып кеткен қызметке заңмен тыйым салынбайды екен. Сондықтан жалған спа-салондардың жұмысын түпкілікті тоқтату әзірге мүмкін болмай тұр. Ал рейдтік шаралардың нәтижесінде санаулы заң бұзу деректері ғана анықталып жатыр.  

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы