427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада карантиндік шектеу шаралары енгізілді

  • 75
  • UPD: 08:18, 14.10.2020
Елордада карантиндік шектеу шаралары енгізілді

Елордада коронавирус жұқтыру қаупінің жоғарлауы мен науқастар санының артуына байланысты бүгіннен бастап карантиндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің кемінде 60%-і қашықтан жұмыс істеуге ауысады. Бұл жеке ұйымдарға да қатысты. Кафе, мейрамхана, бар және асхана секілді қоғамдық тамақтану нысандары таңғы 09:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл жерлерде 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Нотариус, адвокаттық кеңселер, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар қызметі, азық-түліктен басқа заттар сататын бутиктер кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Монша, бассейндер жұмыс күндері кешкі 21:00-ге дейін, ал демалыста кешкі 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді. Полиция күнделікті рейдтерді күшейтеді.

Хабар 24 телеарнасы