429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шалғай ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер жеткізілмек

  • 97
  • UPD: 13:25, 14.10.2020
Шалғай ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер жеткізілмек

Шалғай ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер жеткізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 23 кешен дайын тұр. Сонымен бірге бірнеше облысқа 360 жедел жәрдем көлігі берілді. Жыл аяғына дейін қалған өңірлерге де жеткізіледі. Аймақтардағы ауруханаларға 24 рентген аппараты алынған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, техникалық жабдықтың көбі өзімізде жасалған. Сондай-ақ мамандарды дайындау арқылы отандық зертханалардың қуаттылығын арттыру көзделген. Яғни, тәулігіне 63 мың тест тапсыруға болады.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Барлық медициналық ұйымдары біріншіден, оларға қауіпсіздік құралдары мен киім-кешектермен толық жылдың аяғына дейін қамтылды. Екіншіден, медицина қызметкерлері осы қауіпсіздік жөнінде, қорғану тәсілдері жөнінде оқытулар жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы