432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда санитарлық талапты бұзған 700-ден астам адам жауапқа тартылды

  • 324
  • UPD: 10:07, 15.10.2020

Оларға 6 жарым млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты полицейлер мен санитар мамандар қала бойынша рейдік шараларды күшейтіп отыр. Бұл жолы тексеру тобы дүкендер мен ірі сауда орындарын аралады. Ал демалыс күндері мейрамханалар мен көңіл көтеретін орындарға барады. Өйткені облыс орталығында той тыйылмай тұр дейді тәртіп сақшылары.

Сейілбек Елжасов, қалалық ЖПБ бастығының орынбасары:

- Той өткізіп жатқан мейрамхана иелері есіктерді жауып алып, кіргізбейді. Той, мереке, туған күн өткізіліп жатқан жерлерде азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы