427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік «Звезда» модулінде ғылыми аппаратура түтіндеді

  • 116
  • UPD: 11:17, 16.10.2020
Ресейлік «Звезда» модулінде ғылыми аппаратура түтіндеді

Биотехнологиялық эксперимент кезінде ресейлік «Звезда» модулінде жабдықтың аздап түтіндеуі орын алды.

Ғарышкерлер жабдықты өшірген. Бұл экипаждың NASA-мен байланысқа шыққандағы мәлімдемеден соң хабарланды.

«Басқару блогы (эксперимент арқылы) аздап түтіндеді... Қуат өшірілді», – деді ресейлік ғарышкер ұшуды басқару орталығының маманына. «Константа» биологиялық эксперименті ғарыштық ұшудың ферменттер белсенділігіне әсерін зерттейді. Кейінірек экипаж газ анализаторы атмосферада жану өнімдерінің жоқтығын көрсетті. Ал түтін жад картасының аймағынан шығып, көп ұзамай тоқтады. Жауап ретінде орталық маманы атмосфераны тазарту сүзгісін қосуды сұрады.

Бұдан бұрын «Звезда» модулінде дәретхана мен «Электрон-ВМ» оттегі алу жүйесі істен шыққаны хабарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы