432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауылдарды дамытуға арналған бағдарламаларды оңтайландыру қажет – «Ауыл» партиясы

  • 73
Ауылдарды дамытуға арналған бағдарламаларды оңтайландыру қажет – «Ауыл» партиясы

Елді мекендерді дамытуға арналған бағдарламаларды оңтайландыру қажет. Себебі оның игілігін халықтың көбі әлі көре алмай отыр.

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының өкілдері осындай ұсыныс білдірді,деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындардың проблемасымен етене танысу үшін партия мүшелері Солтүстік Қазақстан облысындағы Шағалалы ауылына барды. Мұндағылар аудан орталығына айналып баратындықтарын айтады. Себебі 50 шақырымдық жол әбден тозған.

Байзақ Жиенбаев, Шағалалы ауылының тұрғыны:

– 50 шақырымды кемінде 3 сағат жүріп барамыз. Бару керек. Мінекей, шұңқыр-шұңқыр. Көліктің асты тиеді. Көлік сынады. Бұл жолмен қалай жүруге болады? Жаздың күні ана жолмен жүреміз. Қыста әйтеуір қар басып қалғанда шұңқырлар білінбейді.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» ХДП партиясы төрағасының орынбасары:

– «Ауыл – ел бесігім деген бағдарлама бар. Оның кемшілігі де бар. Халықтың көбі біздің ауылға қашан жол жетеді, газ келеді деген сұрақтар койып жатыр. Қаражатты Үкімет бөлді. Барлық ауылға жетпейді ол.

Хабар 24 телеарнасы