427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бизнестің жол картасы – 2025: биыл төрт мыңнан астам жоба қолдау тапқан

  • 139
  • UPD: 23:31, 16.10.2020

Алдағы 5 жылда жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 35 процентке жетуі тиіс. Ел Президенті солай деген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда, «Бәйтерек» ұлттық холдингі ұсынған «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы кәсіпкерліктің адымын ашты. Биылдың өзінде шағын және орта бизнестегі 4 мыңнан астам жоба қолдау тапты. Оларға төленген субсидия – 19 млрд теңге. Ал берілген кепілдік көлемі 35 млрд теңгеге жетті.

«Сапа Дент» тіс емдеу клиникасы – стамотология саласында озық қызмет ұсынатын орталықтың бірі. Оған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы мүмкіндік берді. 3 жыл бұрын кәсіпкер 31 млн 500 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, соңғы үлгідегі құрал-жабдық сатып алған. Тұтынушылардың көңілінен шыға білген кәсіп иесі мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ісін одан әрі өрістету үшін тағы «Бәйтерек» холдингінің көмегіне жүгінбек.

Нұржан Мағзомов, «Сапа Дент» тіс емдеу клиникасының директоры:

– Екінші рет 2019 жылы 72 млн теңге алдық. Бұл бағдарлама бизнесмендерге тиімді, өйткені Үкімет 40 процентін жабатын бұрын. Қазіргі уақытта 60 процентін жабады.

Нұржан Мағзомов тәрізді мемлекет қамқорлығын сезінген кәсіпкерлер жетерлік. Әсіресе, көтерме-бөлшек сауда, өңдеу өнеркәсібі және көлік логистикасы саласының жобалары қолдау тапты. Бұл бір жағынан елде жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізді дейді мамандар. Айталық, 10 жыл ішінде бағдарлама 369 774 жұмыс орнын сақтап қалды. Оның үстіне тағы 100 805 адамға тұрақты жұмыс тауып берді. Осылайша, өз тиімділігін дәлелдеген бағдарлама қаңтарда тағы 5 жылға ұзартылды.

Әсет Тәжікенов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жобаларды қаржыландыру департаментінің директоры:

– Қаржылай қолдау қаламен қатар ауылдық жерлердің кәсіпкерлері үшін де қолжетімді. Жаңартылған бағдарламаның тағы бір артықшлығы – жылдық мөлшерлеме 6 процент болып бекітілді. Несие сомасы да ұлғайды. 7 млрд теңге дейінгі қаржыны 5 жыл мерзімге алуға болады.

Жол картасы бизнесті қолдаудың екі негізгі тетігін ұсынады. Олар – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдендіру. Жалпы 10 жыл ішінде 25 мыңнан аса бизнес бастама мемлекеттік жоба аясында қанатын кеңге жайды.

Авторлары: Назерке Тоқжан, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы