432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарқаралы ауданында дәрігерлер үйі салынды

  • 114
  • UPD: 09:14, 17.10.2020
Қарқаралы ауданында дәрігерлер үйі салынды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дәрігерлер үйі салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда мұнда 27 отбасы қоныстанады. Айтуларынша, бес қабатты ғимарат бір кездері жатақхана болып, кейін қараусыз қалған. Оны коммуналдық меншікке алған жергілікті билік биыл қазынадан қаржы бөліп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Тіпті ішін жиһазға толтырып, тұрмыстық техникасын да алып берген. Қазір дайын баспананың кілті сырттан көшіп келген 27 маманға табысталды. Осылайша, шағын қалада дәрігер тапшылығы жойылған.

Айта кету керек, жыл соңына дейін өңірде тағы 120 медицина қызметкеріне пәтер берілсе, келесі жылы 400 дәрігерді баспанамен қамту жоспарда.

Ақтоты Нұрпазылова, Қарқаралы аудандық ауруханаcының дәрігері:

- Астана мемлекеттік медицина университетінде резидентурада оқыдым. Сол уақытта бізді практикаға жіберді, оны Қарқаралы ауданына келіп өттім. Алты ай ішінде ұжымның ұнауына байланысты және де директор Светлана Қобыландиновнаның ұсынысына байланысты тамыз айынан бастап нақты түрде осы Қарқаралы ауданына келіп жұмысқа орналастым.

Хабар 24 телеарнасы