423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кинотеатрлар қандай жағдайда жұмыс істейді?

  • 242
  • UPD: 21:02, 19.10.2020

Келесі аптадан бастап елімізде кинотеатрлар ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Бірақ залдар көрерменге лық толмауы тиіс. Елде тағы қандай өзгерістер болады?

Қауіпті кесел қайта күш ала бастады. Кәрі құрлық құрсауланып жатыр. Мамандар екінші толқын басталды деп дабыл қағуда.

Адамдар абдырап, апай-топай болып жатқанда Қазақстанда кинотеатрлар ашылатын болды. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.     

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Жиырма алтыншы қазаннан бастап эпидемиологиялық ахуал тұрақты өңірлерде кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Бірақ сақтық шаралары міндетті түрде сақталуы тиіс. Көрермендердің арасында арақашықтық болуы керек және олар маска тағуға міндетті болады. Залдар 30 пайызға ғана толуы керек.

Рас, елдегі жағдай тұрақты. Кесел қайта өршіп кетті деуге келмейді. Бірақ індет жұқтырып жатқандар саны бірте артып барады. Сол себепті, кинотеатрлар сақтық шаралары мұқият сақталып жатқан аймақтарда ғана ашылады. Залдар көрерменге лық толмайды.

Келесі аптадан бастап өзге елдерге қатынайтын ұшақтардың саны біршама азаяды. Жолаушылардың ПТР-тесті тек 3 күнге ғана жарамды болады. Әуежайларда тексеріс күшейеді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Індеттің таралу қарқыны үдей қоймаған өңірлерде сауда ойын-сауық орталықтары сенбі күні де жұмыс істей береді. Тек кешкі 5-ке дейін ғана. Ал той-томалақ өткізуге, отбасылық жиындарды ұйымдастыруға әлі де болмайды. Түнгі клубтар мен көңіл көтеретін орындар жұмыс істемейді. Сосын қалааралық автобустардың жүруіне әлі де рұқсат берілмейді.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы