425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында коронавируске қатысты жағдай тұрақты

  • 250
  • UPD: 19:54, 20.10.2020
Жамбыл облысында коронавируске қатысты жағдай тұрақты

Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тек Шу мен Қордай аудандары және Тараз қаласында аздап өсім байқалады.

Мамандар мұны көрші қырғыз елінен келушілердің есебімен байланыстырады. Өткен тәулікте өңірде вирус жұқтыру дерегі тіркелмеді. Жалпы пандемия басталғалы облыста 4155 адам індетке шалдықты. Егер облыс «қызыл» деңгейге ене қалса, инфекциялық стационарларда екі жарым мыңнан астам орын жасақталатын болады. Коронавирус пен жедел респираторлы инфекция белгілерін анықтау үшін медицина мекемелерінде арнайы бөлмелер жұмыс істейді. Мәселен, №5 қалалық емханада бірнеше бөлме дайындалған. Бірінде жүкті әйелдер мен балаларды қабылдаса, басқа бөлігінде өзге категорияға жататын тұрғындар ем алады.

Рахат Аймұрзаев, №5 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары:

- Бұл фильтр кабинеттердің негізгі мақсаты - коронавирусқа байланысты пандемияны өршітпеу. Бір күнде қазір біздің емханадағы фильтр кабинеттен 45-50 дейінгі ПЦР анализ алынуда. Оның көбісі жоспарлы емдеуге жолданылады. Одан кейін жедел репираторлық белгілері бар пациенттер. Сонымен қатар жүкті әйелдер жоспарлы түрде өзінің белгілі жүктілік мерзімінде ПЦР анализдер алынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы