424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ай-Абылай ауылының халқы газ тартуға ақша жинаған алаяқтарға алданды

  • 287
  • UPD: 23:06, 20.10.2020

Алматы іргесіндегі Ай-Абылай ауылының тұрғындары үйлеріне көгілдір отынды кіргізе алмай әлек. Өткен жылы газ тартып береміз деп халықтың бар ақшасын жиып алған «Араз-Инвест» компаниясының басшылары ұшты-күйлі жоқ. Ауылда басқа да шешімін күткен әлеуметтік мәселе көп. 

Талғар ауданы Қайнар ауылдық округіне қарасты Ай-Абылай ауылында мыңнан аса түтін бар екен. 2018 жылы «Араз-Инвест» компаниясы газ тартып береміз деп тұрғындармен келісім шартқа отырған. Тіпті өткен жылы ақшаларын толықтай жинап алған.

Аққу Керімбекова, ауыл тұрғыны:

- Мен бір жарым жыл бұрын ақшасын төлегем. Маған мысалы, үш көшеден газ келіп труба келіп  тұр. Бірақ маған газ тартпай отыр. Себебін айтады былтырғы компанияның қателігі дейді. Немесе өздері дұрыстап түсіндіріп бере алмайды. Мен бірақ 100 процент ақшасын төлегем. Үйде менің мүгедек әке-шешем бар. Соларға бола газ кіргізейін дегем.

Дәулет Үкібасов, ауыл тұрғыны:

- Енді разбираться етіп келгенде мына бізге қарай өтетін көшеге мына жерге винтель қоймай кеткен жұмысшылар. Енді сол винтельді қоймағаны үшін мына трубаны кесе алмай  жатыр. Ол үшін  мына газдағы трубаның бәрін шығару керек. Бәрін отключать ету керек. Ол көп ақша деп жатыр. Енді обещать етеді. Ертең бүрсүгіні, 1 жетіден кейін 2 жеті. Міне 1 жарым жыл өтті одан бері.

Қылышын сүйретіп қыста келіп қалды. Ал тұрғындар көмір алуға ақшамыз қалмады, енді үйімізді қалай жылытамыз деп жыларман болып отыр. Жергілікті халыққа уәдені үйіп төккен «Араз-Инвест» компаниясының басшысы шет ел асып кеткен көрінеді. Ал әкімдіктегілердің жауабы мынау.

Нұрболат  Манапбаев, Қайнар ауылдық округінің әкімі:

- Кеше ғана газовый компанияда болғам. Осы үш айда 100 үй қосылыпты тағы. Қазір 350-ге жуық данный момент. Олар жұмыстарын жалғап жатыр. Бірақ жаңағы өзім айтқандай заявлениемен халықтар келіп жатыр. Инвесторлар ғой мұны тартқан. Үкімет емес тартқан.

Бұл ауылда мектеп, емханада жоқ екен. Қоғамдық көлік қатынамайды. Өйткені жолдарының түрі мынау. Ал кеше ғана жасаған көшелері көшіп жатыр.

- Аяқпен былай таптап қоямыз. Асфальтчикбіз біз. Не те люди который жасады. Госкомиссия бізбіз. Келеміз мына дұрыс істемедің, ананы дұрыс істемідің деп біз жүреміз.

Рәбия  Өмірбаева, ауыл тұрғыны:

- Бізде апеткада жоқ. Карантин кезінде өте қатты қиналдық қой дәрі дәрмексіз. Балалар ауырды, өзіміз ауырдық. Грэске барамыз. Грэсті де жауып қойды бір кезде. Сонымен  ешжаққа бара алмадық аптека жоқ.

Алматыға тиіп тұрған ауылдық округтің әкімі жуық арада бәрі болады деп уәде берді. Бірақ бұл сөзді 10 жылдан бері естіп келе жатқан ауыл тұрғындарының көңілі жәй тапты деп айта алмаймыз.

Авторлар: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы