425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға велосипед тегін жалға беріледі

  • 257
  • UPD: 09:12, 21.10.2020

«Вело-леди» қоғамдық бірлестігі арнайы 3 дөңгелекті велосипедтер сатып алып, қалалық саябақтарда жалға беру бекеттерін ашып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Велосипедпен жүру уақыты шектелмейді. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай акцияның арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдар денін сауықтырып, бос уақытын таза ауада өткізе бастайды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында велосипедтерге сұраныс жоғары. Елордада бұрын-соңды мұндай қызмет түрі болмаған. Түрлі қоғамдық ұйымдар «Велолэди» бірлестігіне хабарласып, осындай шара ұйымдастыруды сұраған екен. Велосипедті жалға тегін беретін бекеттер қаланың бірнеше саябағында ашылмақ. Оны тебу уақытына шектеу қойылмайды.

Шолпан Жүргенбаева, ұйымдастырушы:

– Біз велосипедпен жүру уақытын шектемейміз. Мүмкіндігі шектеулі адамдар оны алғаннан кейін 1 сағаттан кейін қайтару шарт емес. Арасында дем алуына болады. Біздің мақсат – адамдардың денсаулығын оңалту.

Бұл велосипедтер келесі көктемнен бастап жаппай қолданысқа беріледі. Денсаулығы сыр берген азаматтар оны тегін ала алады. Жобаның алғашқы қатысушыларының бірі – 78 жастағы зейнеткер Жақан Жекенова. Ол алғаш рет велосипедті өзі тізгіндеді.

Жақан Жекенова, зейнеткер:

– Мен велосипедке бірінші рет отырып, бір айналдым. Сіздерге алғысым шексіз.

Дөңгелегі бар велосипедтерді отандық кәсіпорындардың бірі құрастырады. Олардың бағасы 200 мың теңгеден басталады. Жоспар бойынша шамамен 200 велоспед сатып алу көзделген. Әлеуметтік жоба демеушілер тарапынан жүзеге аспақ.

Авторлары: Дариға Ташенова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы