424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат төрағасы: Алдағы сайлау толығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеді

  • 219
  • UPD: 10:13, 21.10.2020
Сенат төрағасы: Алдағы сайлау толығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезекті сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Сайлау конституциялық мерзім аясында өтеді. Жалпыхалықтық дауыс беру келесі жылдың 10 қаңтарында ұйымдастырылмақ.

Кезекті сайлау күнін тағайындау бұл мәселедегі шешімсіздікке жол бермейді. Ал сайлаудың өзі демократиялық қайта құру тұрғысынан біздің қоғамның одан әрі үдемелі дамуы шеңберіндегі маңызды кезең болуы керек.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа сайлау науқаны басталғанға дейін саяси жаңғырту, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтық қатысуды кеңейту жөнінде шаралар қабылданғанын атап өтті. Бұл соның ішінде парламенттік оппозиция институтын енгізуге және партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастар үшін 30%-тік квотаға қатысты. Парламент тиісті заңдарды қабылдады.

Ел Президенті атап өткендей алдағы сайлау қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде өтеді.

Сондай-ақ:

2021 жылғы Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

Қ.Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеу жариялады

 

 

Хабар 24 телеарнасы