422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық еріктілер аз қамтылған отбасыларға 500 келіге жуық картоп таратты

  • 118
Елордалық еріктілер аз қамтылған отбасыларға 500 келіге жуық картоп таратты informburo.kz

Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлік штабында 20-дан астам ұйым мен 2000 ерікті бар.

Олар – қайырымдылық саласының басы қасында жүрген азаматтар. Бірі жоғалған адамдарды іздесе, екіншісі қарт кісілерге қолғабыс етеді, ал енді бірі табиғатты аялап, жануарларға қамқорлық білдіреді.  Қазірде еріктілер белсенді жұмыстар атқаруда. Сондай игі істердің бірі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ерікті жастары мен «Ауыл жастары» қоғамдық жастар бірлестігімен бірігіп, аз қамтылған отбасыларға картоп таратты. Жалпы 500 кг-ға жуық картоп жеткізілген.

«Жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектерге картоп тараттық. Әр отбасыға 10-15 келі картоп таратылды. Жалпы 30-дан аса отбасыға, және мешіттерге де жеткізілді. Бүгін картоп таратсақ, оның алдында ет тараттық,кеңсе тауарларын бердiк. Қыс уақытында суалу қаупiнен арылу үшiн ерікті жастармен бірге қарттарға, мүгедек кісілердің, соғыс ардагерлерінің үй-жайын қардан тазартуға да көмек беріп тұрамыз»,  – дейді ерікті, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ өкілі Ақылбек Данабекұлы.

Айта кетсек, бұл шара «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл – мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасылар мен қарияларға көмек көрсететін волонтерлік бағыттың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл Қазақстанда «Волонтерлер жылы» деп жарияланды. Мұқтаж адамдарға көмек көрсету қажеттілігі – қоғамдық сана мен жауапкершіліктің көрінісі. Еріктілер биыл Арыс қаласын қалпына келтіруге көмектесіп, пандемия кезінде мұқтаждарға көмек жеткізді, маскалар таратты және бұған дейін Қазақстанның астанасында өткен халықаралық іс-шараларға қатысты.

Хабар 24 телеарнасы