Шетелге барып келген тағы 25 адам ПТР-тестіден өтпегені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы өткен түнде Нұр-Сұлтанға 4 халықаралық рейспен 203 жолаушы келді. Әуежайға қонған ұшақтың екеуі БАӘ-ден, қалғаны Беларусь және Германияға рейс жасаған. Анықтамасы жоқ азаматтар тиісті сынама алу үшін станицонарға, карантинге жатқызылды. Арасында коронавирус жұқтырғандары болса, әрі қарай ем алады. ПТР тест анықтамасы 3 тәулікке дейін жарамды екенін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия халықаралық рейс санын қысқартқанын еске саламыз. Келер дүйсенбіден бастап БАӘ-ге аптасына 8 рет, Беларусьқа 5, Германия және Украинға 2 рет қатынауға болады.