423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: 91 науқастың жағдайы ауыр

  • 241
COVID-19: 91 науқастың жағдайы ауыр

Бүгінгі күні ел бойынша коронавирустық инфекциядан 2 мың 662 адам емделіп жатыр, олардың 91-нің жағдайы ауыр.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Тағы 10 адамның жағдайы аса ауыр хәлде, ал 13 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған дейді ведомства өкілдері. Індет жұқтырғандардың 181-і – бала. Ал өткен тәулікте Қазақстанда 156 адам сауығып шықса, тағы 143 адамнан COVID-19 белгілері анықталған болатын. Ал коронавирусқа ұқсас белгілері бар пневмония 220 адамнан анықталған. Осындай белгісі бар бір адам індет салдарынан көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы