425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 100 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді

  • 145
Жамбыл облысында 100 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді

Жамбыл облысының екі азаматынан салмағы 116 келіден асатын кептірілген марихуана табылды.

«Қарасора – 2020» жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер күдік тудырған көлікті тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде олар жасырынбақ болған екен. Жолда скотчпен оралған жеті көк қап табылды. Сараптама қорытындысы оның кептірілген марихуана бар екенін растады. Енді ұсталғандардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. 

Ержан Бейсембаев, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының м.а.:

– Ұсталған екі азамат жүргізушісі мен жолаушысы Қордай ауданының УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы