425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында балабақшалар екі жылға жетпей жабылды

  • 143
Атырау облысында балабақшалар екі жылға жетпей жабылды

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында демеушілер көмегімен бой көтерген екі бірдей балабақша, екі жылға жетпей жабылды.

Нысандардың әрқайсысы 1 млрд 128 млн теңгеге салыныпты. Сапасы сыр берген бөбекжайлардың әрқайсысы 290 балаға шақталған екен. Сырты хан сарайындай болғанымен, бұл нысандардың ішкі жағдайы нашар. Қабырғасы қақырап, едені де шөге бастапты. Жауын-шашыннан жертөле суға толады. Себебі екі балабақша да сордың үстіне салынған. Жауаптылар әу баста жобалау жұмыстарынан қателік кеткенін айтады. Осы жағдайға байланысты ондағы бөбектер басқа балабақшаларға ауыстырылған. Бірақ бұл бөбекжайлар құжат түрінде апаттық деп танылмапты. Арнайы құрылған комиссия шешімімен енді сау тұрған бөлмелерге балаларды қабылдамақ.

Нұрберген Құсайынов, Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Ол балабақшалар апаттық жағдайда емес. Оған арнайы сараптама тағайындалған жоқ. Қазіргі таңда балаларды қабылдамайды. Бірақ нақты түрде жабылды деген шешім шықпады. Құрылған комиссия оны арнайы қарап, ішіндегі сау тұрған бөлмелерге балаларды кіргізуді ойластырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы