424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық қоғамдық кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын тудыруда – Президент

  • 166
  • UPD: 12:06, 22.10.2020
Ұлттық қоғамдық кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын тудыруда – Президент

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кеңестің маңызын айтып өтті.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына 1 жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта кеңес толық қалыптасты. Оның қажеттілігіне баршамыз көз жеткіздік. Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді, институционалды құрылымға айналды. Кеңес мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асуына күш салуда. Осыған дейін өткізілген үш отырыстың барлығы да пайдалы болғаны сөзсіз», - деді Қ.Тоқаев.

Кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын тудырып отырғанын айтып өтті.

«Пандемияға қарамастан, кеңесте өзекті мәселелер тұрақты түрде талқыланып келеді. Оған министрлер де атсалысуда. Сіздердің арқаларыңызда бірнеше маңызды бастама жүзеге асты», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы