420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ОСК: «Сайлау туралы» заңда онлайн дауыс беру қарастырылмаған

  • 254
  • UPD: 18:54, 22.10.2020

Мәжіліс сайлауы дәстүрлі форматта және қағаз бюллетеньдер бойынша өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені «Сайлау туралы» заңда онлайн дауыс беру қарастырылмаған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Имашев мәлімдеді.

Еске сала кетейік, келер жылдың 10 қаңтарында елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы конституциялық мерзімге сәйкес өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше қол қойды. Ал барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен тағайындалады.

Хабар 24 телеарнасы