423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында баласына дұрыс тәрбие бермеген қатыгез әке жазаланады

  • 131
  • UPD: 14:04, 23.10.2020
Қарағанды облысында баласына дұрыс тәрбие бермеген қатыгез әке жазаланады

Қарағандыда баласына дұрыс тәрбие бермеген қатыгез әке жазаға тартылуы мүмкін.

Ол жаға жыртысып жатқан екі баланы айырудың орнына ұлына қарсыласының «құлағын жұл, басынан ұр» деп кеңес берген.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнежазбадан соң құзырлы органдар төбелескендерді тапты. Олар Пришахтинск ауданындағы мектептердің бірінің 1-сынып оқушысы екен. Қазір білім басқармасының мамандары балалармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп жатыр. Ал жүгенсіздікке жол берген 39 жастағы азамат бұл әрекеті үшін жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы