425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

  • 182
  • UPD: 09:49, 24.10.2020
Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді astana.gov.kz

Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Астана Су Арнасы» МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) «Нұр-Сұлтан - Антитеррор-2020» терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты – тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі терроризммен күрес бойынша практикалық дағдыларды пысықтау, оның зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру.

Оқу-жаттығу кезінде ұрыстың түрлі қиын элементтері көрсетіледі.

І.Жансүгірұлы көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі сорғы-сүзу станциясы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша шектеу шаралары қарастырылған.

Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Хабар 24 телеарнасы