422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында «ковидті» емдейтін дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

  • 141
  • UPD: 22:29, 26.10.2020

Қарағанды облысында «COVID-19» дертіне қарсы екі айлық дәрі-дәрмек қоры бар. Бұл індеттің екінші толқыны басталған жағдайда ауруханаларды толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Бүгін сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы қызмет мамандары қажетті препараттардың қоймада бар-жоғын тексерді.

Қарағандыдағы дәрі-дәрмек қоймасына препараттың 100-ден астам түрі түсті. Енді есебі жүргізіліп, құжаттары реттелген соң өңірдегі барлық ауруханаларға үлестірілмек.  

Вера Лушанова, «СҚ-Фармация» ЖШС Қарағанды облысындағы өкілдігінің жетекшісі:

- Ковидке қарсы 271 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін облыстағы ауруханалар мен емханаларға жібердік. Қазіргі күні 6 миллион теңгенің препараты науқастарға берілді. Қалған 266 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі медициналық мекемелердің қоймасында тұр. Бұл тек жыл соңына дейін бөлінген дәрілер. 

Қоймадағы дәрі-дәрмек көлемі медициналық мекемелердің тапсырысына қарамастан үнемі толығып отырады. Бірақ өңірде препарат тапшылығы басталса, әуелі жергілікті билік жасақтаған тұрақтандыру қоры жұмсалады. Егер ол да жетпей жатса, қоймадағы екі айлық қордан алынбақ. 

Олжас Бурханов, «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары:

- Қарағанды қаласына тиісті дәрі-дәрмектер жеткізілуде. 27-сі күні тағы да дәрі-дәрмек жеткізілетін болады. Міндетті түрде ауыл-аймақтарға да жеткізіледі. СҚ «Фармация» Қарағанды облысының 92 емдеу мекемесіне барлық дәрі-дәрмекті жеткізіп жатыр. Осы жұмысты біз жалғастырамыз және біздің бақылауымызда бұл жұмыс.  

Санаулы күнде қоймаға дәрі-дәрмектің тағы 40-тан астам түрі жеткізілмек. Бұл ай сайын жұқпалы аурулар ауруханасына түсетін 60 мың науқасты емдеп, жазуға жеткілікті екен.

Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы