424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көлді балықтандыру ісінде жүйелілік жоқ – балықшылар

  • 208
Көлді балықтандыру ісінде жүйелілік жоқ – балықшылар

Балық шаруашылығымен айналысатындар осылай дейді.

Мәселен, Жаңақорған ауданындағы Жыңғылдысай көлінде балық өсіріп отырған кәсіпкер биыл субсидия көлемі тым аз болғанын айтады. Айтуынша, жыл сайын 40 тоннадай балық жемін сатып алады. Бірақ оның шамамен тек 20 процентіне ғана биыл субсидия төленген. Саладағы түйткіл мәселелерді шешу үшін биыл балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейін жоспарланған арнайы бағдарламасы әзірленуде. Бұл кешенді жоспарда жер телімін бөлу, инфрақұрылым тарту және субсидия мәселелері де ескерілмек. Мұндағы мақсат – алдағы 10 жылда балық экспортының көлемін 2 есеге арттырып, тауарлы балық өндірісін 34 есеге көбейту көзделген. Аймақтағы балық өңдеу зауыттарын толық қуаттылығына шығару да жоспарда бар.

Айдос Аяғанов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Төрт шарбақтық балық өсіру шаруашылықтары жылына 600 тонна, тауарлы балық өсіретін 10 тоған шаруашылығы салынады. Және де көлді тауарлы су айдындарының саны 55-ке жететін болады. Қамыстыбас балық питомнигін қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы