424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды

  • 113
  • UPD: 10:42, 28.10.2020
Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды polisia.kz

Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Төле би аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне жергілікті тұрғынның заңсыз қару сақтауы мүмкін екені туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Осы іс бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастап кетті. Нәтижесінде күдікті азамат Төле би ауданында өз үйінен ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қаруды өзінің жатын бөлмесіндегі кереует жанына жасырып қойған. Онда 16 калибрлі шолақ аңшы мылтығы мен екі дана оқ-дәрі жасырылған. Күдікті қаруды аңға шығу мақсатында қолданатынын айтты.

Сондай-ақ күдіктінің бұрын басқада қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда. 

Хабар 24 телеарнасы