423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның климаты жаһандық климатқа қарағанда 2 есе жылдам жылынуда

  • 149
Қазақстанның климаты жаһандық климатқа қарағанда 2 есе жылдам жылынуда

2019 жыл планетадағы метеорологиялық бақылаулар тарихындағы ең жылы онжылдықтағы екінші жылы жыл болды.

Климатологтардың пікірінше, орташа жылдық температураның жаһандық өсуінің себебі: атмосферада көмірқышқыл газы мен басқа парниктік газдар құрамының көбеюі.

Парниктік газдар, барлығынан бұрын көмірқышқыл газы, біздің ғаламшарымызда қоңыржай климатты құрайды: оларсыз орташа температура 18°C болады. Бірақ қазбалы отынды (көмір, мұнай және газ) жағу арқылы көмірқышқыл газының едәуір өсуі жағымсыз салдарға әкеледі. Атап айтқанда, климаттың жылынуы. Жаңартылатын көздердің дамуын ескерсек, көмірдің және көмірсутекті отынның үлесіне әлі күнге дейін энергияны жиынтық тұтынудың 81%-і тиесілі.

Климатологтардың пікірінше, климаттың ғаламдық өзгеруінің көзі адамның өнеркәсіптік және ауылшаруашылық қызметі болып табылады. Көмірқышқыл газы мен басқа парниктік газдар шығарындылары бойынша Қытай, АҚШ және Үндістан көш бастап тұр. Біздің еліміз әлемдік шығарындылардың 1%-тен төмен үлесімен 23-ші орында.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қазақстан климат жөніндегі Париж келісімін ратификациялады. Ол 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және жаһандық температураның 2°С-тан төмен өсуін ұстап тұруға бағытталған.

Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлеміне салыстырмалы түрде аз үлес қосқанына қарамастан, климаттың өзгеруі біздің елімізге әсер етеді. Климатологтардың болжамдарына сәйкес жайылымдар мен бірқатар ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы төмендейді деп күтілуде. Ормандар үлесінің қысқаруы және биоәртүрліліктің бір бөлігінің жоғалу қаупі байқалады.

Хабар 24 телеарнасы