423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ауаны ластаған зауыттарға айыппұл мөлшері өседі

  • 181
  • UPD: 15:25, 28.10.2020
Қазақстанда ауаны ластаған зауыттарға айыппұл мөлшері өседі

Елімізде ауаны ластап жатқан зауыттарға салынатын айыппұл көлемі өседі. Экологиялық кодекске осындай өзгеріс енгізілді.

Ведомство басшысы мұндай қадамға баруға - ірі зауыт басшыларының немқұрайлылығы себеп болғанын айтады. Өйткені олардың жұмысы жылына тек бір рет қана тексеріледі екен. Зауыт басшылары ауаны ластау көрсеткішін төмендетудің орнына, айыппұл төлеп құтыла салатын көрінеді. Сондықтан министр тексерістерді жиілетіп, айыппұл көлемін арттыру керек деп отыр. Ал  мұржаларын ауыстырып, талаптарға сай жұмыс істейтін кәсіпорын иелерін эмиссиялық төлемдерден босату керек. Отырыста осындай да ұсыныс айтылды. Мәжіліс депуттары Экологиялық кодексті жіті қарап, бірінші оқылымда мақұлдады. Бірақ кем-кетігі бар. Төменгі палата төрағасы олқылықтың орнын аз уақытта толтыруды тапсырды. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Экологиялық Кодексті жыл соңына дейін қабылдау туралы нақты тапсырма берді. Осыған орай, депутаттар осы саладағы проблемаларды шешуге, сонымен бірге экологияны таза ұстауға, қорғауға, және табиғи байлықтарды сақтауға қатысты маңызды нормаларды енгізді. Жаңа Кодекстің заманға сай технологияларды пайдалана отырып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған нақты қадам.

Хабар 24 телеарнасы