420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да өсімдік майы қымбаттады

  • 172
  • UPD: 11:13, 29.10.2020

Солтүстік Қазақстан облысында да өсімдік майы қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы айда ол 100 теңгеге көтеріліп кеткен. Осыған байланысты тұрақтандыру қорына Өскеменнен қосымша 150 тонна өнімге тапсырыс берілді. Бағаның өсуіне не себеп болды?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл – қаладағы ең ірі сауда үйлерінің бірі. Азық-түлік алуға келген адамдар өсімдік майының бағасын көріп аң-таң. Өнім 100 теңгеге қымбаттап кеткен.

Күлғизар Сейітова, қала тұрғыны:

- Қазір мінекей, 550 теңге. Бұрын бұлар 300-ден, 300-ден көп те енді. Қазір тіпті қымбаттап кетті бәрі. Оған қарағанда, қазір өзі бәрі қымбаттағасын білмеймін енді. Үкімет енді дұрыстап бағасын қояды деген үміттеміз бәріміз.

Любовь Карстен, қала тұрғыны:

- Бұрын мен алатын күнбағыс майы 500 теңге тұратын. Қазір 620 теңге. Өте қымбат. Тіпті Қазақстанда шығарылатын өзіміздің май да 380 теңге болатын. Қазір 500 теңге шамасында.

«Өсімдік майы күз сайын көтеріледі», - дейді саудагерлер. Бұл ретте тұрақтандыру қорына Өскеменнен 50 тонна өнім сатып алынды. Қазір тағы да тапсырыс берілді. Бағаның өсуіне күнбағыстың қымбаттауы себеп боған.

Медет Оспанов, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Бүгінгі күні қосымша 3 вагон мінекей, келісім-шарт бар. Сол 3 вагонның бірінші вагондары бүгінгі күндері шығып жатыр. Жалпы, қосымша 156 тонна келеді. Ол негізгі жұмысы осы өңірде бағаны тұрақтандыру бойынша.

Қала бойынша ең арзан өсімдік майы 6 әлеуметтік сауда нүктесінде сатылады. Олар барлық ірі сауда орындарында орналасқан.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы