425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан су сапасы бойынша әлемдік рейтингте 54-орынды иеленді

  • 220
  • UPD: 10:32, 29.10.2020
Қазақстан су сапасы бойынша әлемдік рейтингте 54-орынды иеленді

ҚР-да жеткізілетін ішуге жарамды судың көлемі 1%-ке қысқарды, ал ішуге жарамсыз су, керісінше, бір жылда 2% өсті.

Тұтынылатын су сапасына қатысы болуы мүмкін денсаулыққа кез келген залалдың клиникалық тіркелген жағдайларын ескеретін су сапасы бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 179-дан 54-орынды иеленді. ҚР-да ауызсу сапасының индексі* 55,8 (100-ден) құрады.

Ең жоғары көрсеткіштері бар рейтингте бірінші орынды бірден 10 ел алды: Австрия, Финляндия, Греция, Исландия, Ирландия, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания.

* Индексті есептеу кезінде қауіпсіз емес ауызсудың әсерінен 100 мың адамға шаққанда еңбекке жарамсыздығы бойынша түзетілген (disability-adjusted life-years lost — DALY: аурудың жиынтық ауыртпалығын бағалайтын көрсеткіш) жоғалған өмір жылдарының саны ескерілді. Индекс неғұрлым жоғары болса, елдегі ауызсу неғұрлым таза және қауіпсіз болады.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтарға жеткізілетін табиғи судың көлемі 2,2 млрд текше метрді құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,7% артық. Анықтама үшін: толық 2019 жылы көрсеткіш 3 млрд текше метрді құрады.

Хабар 24 телеарнасы