425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да эпидемиологиялық ахуал неліктен нашарлап кетті

  • 307
  • UPD: 15:24, 29.10.2020
ШҚО-да эпидемиологиялық ахуал неліктен нашарлап кетті

1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында блок-бекеттер қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі өңірде вирус жұқтырғандар көрсеткіші артып барады. Бір тәулік ішінде 139 адам коронавирус жұқтырған. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш республикалық деңгейден асып, 683,6-ны құрап отыр. Облыста эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері – тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сондай-ақ шекаралас мемлекеттермен арада жолаушылар ағынының артуы. Жаңа қаулы жақын арада жарияланады.

 

Хабар 24 телеарнасы