424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ақ жол» партиясы: Дәрігерлерге көрсетілетін көмек түрін арттыру керек

  • 131
  • UPD: 15:25, 29.10.2020
«Ақ жол» партиясы: Дәрігерлерге көрсетілетін көмек түрін арттыру керек

Медицина қызметкерлерін жан-жақты қолдау қажет.

Бүгін ақтөбелік дәрігерлермен кездескен «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев осылай деді. Ол қауіпті індеттің екінші толқыны қарсаңында дәрігерлерге көрсетілетін көмек түрін арттыруы керек деп санайды. Ал, бұған дейін қызмет барысында вирусқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне арналған төлемді қайта қарауды ұсынып, тиісті органдарға депутаттық сауал жолдаған. Сондай-ақ «ауру белгілерін анықтауға арналған емдеу мекемелеріндегі медициналық жабдықтардың сапалы болуы қажет», - дейді. Кездесу барысында індет белең алған тұста ақ халатты абзал жандардың ерлікке пара-пар еңбегін атап өтіп, бірқатар дәрігерді алғыс хат және медалдармен марапаттады.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Медицина қызметкерлеріне меніңше, ерекше назар аударуымыз керек. Маңғыстауда да, Қызылорда да, Жамбылда және басқа аймақтарда болған кезде осы медициналық ұжымдардан «ең өзекті қазіргі кезде проблемалар қандай» деп сұрасам, осы төлем мәселесін барлық жерде көтеріп отыр дәрігерлер. ММСҚ-дан түсетін қаражатты дұрыстап қарауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы