425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 13 санитарлық бақылау бекеті орнатылады

  • 179
  • UPD: 14:16, 30.10.2020
ШҚО-да 13 санитарлық бақылау бекеті орнатылады

Еліміздің шығысында бірінші қарашадан бастап карантиндік режим күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің сыртқы және ішкі кіреберіс аумақтарында 13 санитарлық бақылау бекеті орнатылады. Оның жетеуін Өскеменге қою жоспарланған. Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысында бұл бекеттердің қашанға дейін тұратыны санитарлық-эпидемиялогиялық ахуалға байланысты өзгеретіні ескертілді. Құжатқа сай облыс және Өскемен аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады. Бірақ өңір ішінде қозғалуға рұқсат. Мерекелік іс-шара өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға болмайды. Мемлекеттік органдарға азаматтарға жеке қабылдау жүргізуге тыйым салынады. Сұлулық салондары мен шаштараздар таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Ұлттық құрамаларға санитарлық талаптарды сақтай отырып, спорттық жаттығуларды жалғастыруға болады. 

Хабар 24 телеарнасы