425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда көлік ұрлығы тыйылмай тұр

  • 221
  • UPD: 09:42, 05.11.2020
Таразда көлік ұрлығы тыйылмай тұр

Жамбыл облысында автокөлік ұрлығы тыйылмай тұр

Өңірде 10 айда 61 көлік ұрланған. Бүгінгі күні 40 дерекке қатысты қылмыс ашылып отыр. Ал 20 көлік ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Салдарынан тұрғындар 30 млн тг көлемінде шығынға батты. Ұрлық мұнымен тоқтайтын емес. Күні кеше ғана Тараздағы 13-інші ықшам ауданда «Toyota Camry» жеңіл көлігі қолды болды. Қожайыны кешкісін көлігін есік алдына қойып, таңертең жер сипап қалған. Қазір полицейлер ұрыны да, көлікті де іздеп, таппай жатыр.

Азамат Үсенов, облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Түнгі 02:30 шамасында ұрланған. Бейнекамерадан қарау барысында түнгі 03:05-те Тараз қаласынан Алматы бағытына қарай өткен. Бұл іс бойынша қазір криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар барлық аудандар және Алматы қаласына да бұл іс бойынша бағыттама жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы