423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында шектеу шаралары жеңілдеді

  • 237
  • UPD: 20:15, 05.11.2020
Жамбыл облысында шектеу шаралары жеңілдеді

Солтүстік өңірлерде карантин күшейтіліп жатса, Жамбыл облысында шектеу шаралары жеңілдетілді.

Енді оқушылар екінші тоқсаннан бастап мектепте дәстүрлі форматта білім алады. Бұл ауылдың да, қаланың да білім ордаларына қатысты. Алайда оқушы саны 300-ден аспауы тиіс және әр сыныпта 15 балаға дейін отыруға рұқсат етіледі. Мұндай шешім өңірдегі эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақталған соң қабылданды.

Аймақтың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап театрларлар да жұмыс істей бастайды. Бірақ сыйымдылығына қарай 50 проценттен артық адам жиналмауы тиіс. Мамандар карантиндік шараларды жеңілдеткенімен тұрғындардан санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. 

Гауһар Макуетова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД жетекші маманы:

- Сонымен қатар мешіт, діни мекемелерде жалпы толымдылығы 100 адамнан аспайтын бірақ 30 процентке дейін толымдылық болған жағдайда ғана күшейтілген санитарлық эпидемиологиялық шараларын сақтаған жағдайда әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бес уақыт намаз уақытына рұқсат берілді. Тек жұма намаздарына рұқсат берілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы