422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да өңірдегі эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр

  • 92
  • UPD: 17:24, 06.11.2020
ШҚО-да өңірдегі эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр

ШҚО коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша әлі де тізім басынан түспей келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өлкеде әуе және теміржол рейстері қысқартылып, санитарлық бекеттер қойылса да, жағдай оңалар емес. Қазір өңір «қызыл аймаққа» еніп отыр. Соңғы тәулікте ел бойынша 591 адамнан қауіпті дерт анықталса, соның 250-і осы облыста. Вирус жұқтырғандардың 91-і Өскеменде, ал 42-сі Семей қаласында. Шалғайдағы қалалар мен елді мекендер ішінде Риддер қаласы мен Глубокое ауданы көш басында. Бұл жерлерде бір тәулік ішінде 30 адам инфекция жұқтырған. Қазір аймақта 689 адам стационарда ем қабылдап жатыр.

Айнаш Қапанова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшы сы:  

– Оның ішінде 42 адам ауыр халде, 7 адам өте ауыр халде жатыр. 5 адам ӨЖЖ аппараты арқылы ем қабылдауда. Қазіргі таңда облыста алаңдайтын жағдай жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы