422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығулары өткізілді

  • 120
«Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығулары өткізілді ҚР ТЖМ

«Қыс-2020» РШЖ өткізу барысында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің басқару органдары мен күштерінің қысқы кезең жағдайында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығын тексеру іс-шаралары пысықталды.

ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңдегі ТЖ-ны жою бағытында негізгі міндеттерді орындау дайындығын қамтамасыз ету үшін жоғары әзірлік режимі енгізілді.

ТЖМ Төтенше жағдайлар департаменттерінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен басқару органдарына «Дабыл-1001» және «Боран-2002» (күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру және ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын тәжірибеде қолдану) сигналдары жеткізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ТЖМ Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылды, онда қалыптасқан жағдайды бағалау, ТЖ-ны жою туралы шешім қабылдау және бағынысты күштердің міндеттерін айқындау бағыттары бойынша жұмыс жүргізілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдарының қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларға толық дайындығы айқындалды.

Бұдан басқа, ТЖ бірінші вице-министрі – оқу-жаттығу басшысының орынбасары И.Д. Күлшімбаевтың төрағалығымен өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бейнеконференциялық байланыс режимінде кеңес өткізілді. Кеңесте қысқы кезеңге дайындық туралы әкімдердің орынбасарлары тыңдалды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы